«ҚМПИ Жаршысы» журналы əлеуметтік-гуманитарлық, физика-математикалық, техникалық, биологиялық, химиялық-технологиялық, экономикалық ғылымдар жəне эколо- гия, халықаралық байланыстар салалары бойынша бұрын жарияланбаған өзекті ізденіс нəтижелері туралы мақалаларды жариялайды.

Редакциялық алқа мүшелері журнал материалдарының мазмұнына сын-пікір білдір- геннен кейін басылымға ұсыну шешімі шығарылады. Қабылданбаған мақалаларды редакциялық алқа мүшелері қайта қарастырмайды.

Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

  • Журнал жыл барысында төрт рет шығарылады (қаңтар, сәуір, шілде, қазан).
  • «Қазпошта» АҚ  кез келген бөлімінде журналға жазылуға болады. Жазылым индексі 74081.

Мақалаға қойылатын талаптар:

  • Мәтіннің көлемі сөз аралықтары мен сілтемелерді қоса алғанда 15000-нан 60000 таңбаға дейін болуы қажет (парақтың 0,3 бөлігінен 1,5 бетке дейін).

Мəтіннің рəсімделуіне қойылатын техникалық талаптар:

Қаріп – Times New Roman, өлшемі – 12, мəтіннің туралануы – беттің ені бойынша. Жиектері: барлық жағынан 2 см.

Жоларалық интервал: бірлік.

Абзацтар аралығы «Алдында» – жоқ, «Кейін» – жоқ. Азат жол– 1,25 см.

Мəтін: парақта бір бағана.

Мақаланың басқы беті келесі ақпараттарды қамтуы қажет:

1. ƏОЖ коды. Беттің сол жағына қалың қаріппен жазылады. Авторлық материалға ƏОЖ кодын мына сілтеме арқылы алуға болады: http://teacode.com/online/udc/.

2. Автордың аты-жөні. Беттің оң жағына қалың қаріппен ƏОЖ кодынан бір тармақ төмен жазылады.

3. Авторлар туралы ақпарат. Беттің оң жағына көлбеу əріптермен жазылады: автордың ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы, қызметі, қызмет орны, қаласы, мемлекеті. 

4. Мақала атауы. Беттің ортасында бас əріптермен жəне қалың қаріппен жазылады.

5. Мақала түйіні. «Түйін» сөзі (орыс. «Аннотация», ағылш. «Аbstract») беттің ортасында қалың қаріппен мақала атауынан бір тармақ төмен жазылады. Түйін мақаланың жарияланатын тілінде жазылады. Түйін мəтіні: сөз аралықтарын қоса алғанда 500–800 таңба, мəтіннің туралануы – беттің ені бойынша, шегініс – оң жəне сол жақтан 2 см, азат жол– 1,25 см. Мақала тілінде жазылған түйінді мақала тілінде жазылған түпкі түйінмен (резюме) ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған.

6. Мақаланың түпкі түйіні. Мақала жарияланатын тілден бөлек, мақала атауының аудармасымен екі тілде жазылады. Түпкі түйін мəтіні: көлбеу əріптермен əдебиеттер тізімінен кейін 1 тармақ төмен жазылады, сөз аралықтарын қоса алғанда 500–800 таңба, мəтіннің туралануы – беттің ені бойынша, азат жол– 1,25 см.

7. Кілт сөздер (5-8 сөз жəне/немесе сөз тіркесі). Кілт сөздер үш тілде сəйкесінше «Түйін» жəне «Түпкі түйіннен» төмен жазылады. «Кілт сөздер» тіркесі (орыс. «Ключевые слова», ағылш. «Key words»): қалың əріптермен, беттің сол жағына жазылады, шегініс – оң жəне сол жақтан 2 см, «Кілт сөздер» тіркесінен кейін қос нүкте қойылады, ары қарай кілт сөздер жазылады.

8. Негізгі мəтін келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Кіріспе (орыс. – Введение, ағылш. – Introduction).

  2. Материалдар жəне əдістер (орыс. – Материалы и методы, ағылш. – Materials and methods).

  3. Нəтижелер (орыс. – Результаты, ағылш. – Results).

  4. Талқылау (орыс. – Обсуждение, ағылш. – Discussion).

  5. Қорытынды (орыс. – Выводы, ағылш. – Сonclusions).

  6. Ризашылық білдіру (орыс. – Благодарности, ағылш. – Аppreciation).

3 жəне 4 бөлімдер біріктірілуі мүмкін, 6 бөлім – қажеттілік туындаған жағдайда ғана жазылады.

Мақала бөлімдері нөмірленуі тиіс. Сандардан кейін нүкте қойылмайды. Бөлім атауларының жазылуы: қаріп- Times New Roman, өлшемі – 12, қалың қаріппен, туралануы- беттің сол жағында.

Мəтінде белгілі бір тармақты немесе тізімді белгілеуде араб сандары қолданылады.

9. Əдебиеттер тізімі (орыс. – Список литературы, ағылш. – References). Əдебиеттер тізімі мақаладан кейін жазылады. «Əдебиеттер тізімі» тіркесіқалың қаріппен жазылады, қаріп өлшемі – 12, шегініс – 1,25 см.

Дереккөздер туралы ақпаратты мəтінде дереккөздерге сілтеменің жасалу реті бойын- ша орналастырып, араб сандарымен нөмірлеу қажет. Сандардан кейін нүкте қойылмайды. Шрифт өлшемі – 11, шегініс – 1,25 см.

Қолданылған   дереккөздерге   сілтемелер  тік  жақшаның   ішінде  келтірілгені  абзал.

Библиографиялық жазу түпнұсқа тілінде орындалады.

Кітаптардың шығыс деректерінің жазылу тəртібі: автордың (авторлардың) тегі, аты- жөнінің басқы əріптері, кітаптың аты, жарияланған орны, басылымы, шыққан жылы, беттер. Мысалы:Семенов В.В. Философия: итог тысячелетий. Философская психология. – Пущино: ПНЦ РАН, 2000. – Б. 60–65.

Журнал, мерзімді басылымдардың шығыс деректерінің жазылу тəртібі: автордың (авторлардың) тегі, аты-жөнінің басқы əріптері, мақала атауы, журнал атауы, жылы, басы- лым нөмірі, беттер. Мысалы: Голубков Е.П. Маркетинг как концепция рыночного управле- ния // Маркетинг в России и за рубежом. – 2001. – № 1. – Б. 89–104.

Жинақтардың шығыс деректерінің жазылу тəртібі: автордың (авторлардың) тегі, аты- жөнінің басқы əріптері, мақала атауы, жинақ атауы, басылым жылы, беттер. Мысалы: Зимин А.И. Влияние состава топливных эмульсий на концентрацию оксидов азота и серы в выбросах промышленных котельных // Экологическая защита городов: тез. докл. науч.-техн. конф. – М.: Наука, 1996. – Б. 77–79.

Электрондық ресурстардың шығыс деректерінің жазылу тəртібі: мақала атауы, автор туралы ақпарат, мақаланың шығу орны, мерзімі, сонымен қатар, ақпараттық тасымалдаушы, жүйелік талаптар, ғаламтор ресурстарын қолдану мүмкіндіктері (Художественная энцикло- педия зарубежного классического искусства [Электронный ресурс]. – Электрон. текстовые, граф., зв. дан. и прикладная прогр. (546 Мб). – М.: Большая Рос. энцикл. [и др.], 1996. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM) + рук. Пользователя (1 c.). – Систем. требования: ПК 486 или выше; 8 Мб ОЗУ; Windows 95 или новее; SVGA 32768 и более цв.; 640х480; 4х CD-ROM дисковод; 16 бит. зв. карта; мышь; Faulkner, A., Thomas, P. Проводимые пользователями исследования и доказательная медицина [Электронный ресурс] // Обзор современной пси- хиатрии: электронный журнал. – 2002. – Вып. 16. – Режим доступа: http://www.psyobsor.org).

10. Кестелерді жасауƏрбір кестенің реттік нөмірі мен атауы болуы шарт. Кесте нөмірі жəне атауы кестенің жоғары жағына орналастырылады. Көлбеу əріптермен жазылған «Кесте 1» («Таблица 1», «Table 1») сөзінен кейін сызықша қойылып, кесте атауы қалыпты əріптермен жазылады, туралануы – беттің ортасында, шрифт өлшемі – 11, кестедегі мəтіннің туралануы – беттің сол жағы.

11. Графикалық материалдар «Microsoft Graph» немесе «Excel» бағдарламаларында орындалуы қажет жəне сканерден өткізілмеуі қажет.

Графикалық бейнелер сурет немесе біртұтас объект ретінде берілуі тиіс. Графикалық объектілер беттің белгіленген жиектерінен аспай, бір беттен артық болмауы қажет.

Əрбір объектінің нөмірі жəне атауы болуы керек. Объект нөмірі мен атауы объектіден төмен орналасуы қажет. Шрифт өлшемі – 11, мəтіннің орналасу қалпы – беттің сол жағы.

12. Формулалардың берілуі.  Математикалық  формулаларды  формулалар редакторы

«Microsoft Equation» арқылы белгілеу қажет. Олар жақша ішінде оң жақтан нөмірленеді. Формулалар көп болған жағдайда əрбір бөлімнің формулаларын тəуелсіз нөмірлеу ұсынылады.

13. Мақалаға міндетті түрде тіркелетін ақпараттар:

  • автор туралы ақпарат (үш тілде): тегі, аты, əкесінің аты, ғылыми атағы, ғылыми дəрежесі, қызметі, жұмыс орны (ЖОО, мекеме атауы, факультет, кафедра), жұмыс жəне ұялы телефон нөмірі;
  • ғылым кандидаты, докторы немесе PhD докторының мақалаға қатысты сын-пікірі (ғылыми дəрежесіз авторлар үшін).

Редакция ұсынылған барлық материалдарға сын-пікір білдіруге міндетті емес жəне материалдары қабылданбаған авторлармен пікірталасқа түспейді.

Мақалалардың қабылдануы жəне жариялануы бойынша сауалдар туындаған жағдайда мына мекен-жайға жүгініңіз:

  • Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай қ., Тəуелсіздік көш., 118
  • ҚР БҒМ «Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті» ШЖҚ МРК БСН 040340005711, БЖК HSBKKZKX, Кбе 16, ЖСКKZ726017221000000090
  • «Халық банк» АҚ, Қостанай қ.
  • №419 каб. Тел.:8 (7142) 54-85-56
  • Е-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • Веб-сайт: press.kspi.kz